25 Қыркүйек 2024 2024, 03:30
Фото: -архив
Шымкентте есірткі граффитиінің авторы ұсталды
"Қарасора" операциясы барысында полицейлер есірткіні жарнамалады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Қарасора" операциясы барысында полицейлер есірткіні жарнамалады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оның үйінен ғимараттардың қабырғаларына есірткі сататын сайттарды бейнелеуге арналған 6 трафарет табылды.
Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні жарнамалағаны үшін ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.