14 Қазан 2025 2025, 23:50
Фото: pexels.com
Шымкентте ер адам 30-ға жуық қаламды жұтып қойған
Шымкентте ер адам досымен бәстесіп, 26 қалам жұтып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ
Шымкентте ер адам досымен бәстесіп, 26 қалам жұтып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ. Otyrar.kz сайтының жазуынша, оқиға бірнеше қаламды бірінен соң бірін жұтқаннан кейін болған.
Біраз уақыттан соң оның асқазаны мен ішек тұсы қатты ауырып, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
38 жастағы науқасты тексеру кезінде дәрігерлер оның асқазанынан көптеген бөгде зат тапқан. Мамандар эндоскопиялық (тілусіз) ота жасап, барлығы 26 қаламды сәтті алып шықты.
Қазіргі сәтте науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ол бақылаудан кейін үйіне жіберілді.
Дәрігерлер азаматтарға денсаулыққа қауіп төндіретін әрекеттерге бармауды және әдейі бөгде заттарды жұтпау керегін ескертті.