Шымкентте екпе алуға үндейтін акция өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Мен қауіпсіздіктемін» деп аталатын акцияның өтуіне қалалық Жастар ресурстық орталығы және еріктілер атсалысты. 

Тұрғындарды екпе алуға үндеген шара мегаполистегі №1, № 3 және №6 емханаларында ұйымдастырылды. 


Еріктілер емханаға екпе алуға келген тұрғындарға «Мен қауіпсіздіктемін» браслетін таратты. 



Қазір қаладағы эпидахуал күрделі. Мегаполистегі коронавирусты емдеу орталықтарында ауырып жатқан науқастар көп. Олардың көбісі дәрігердің кеңесін алмай, өз бетінше ем-шара қабылдағандар және вакцина алмаған пациенттер. Соның салдарынан адамдардың дерті ушығып, соңы қайғылы жағдайға ұшырауда. Сондықтан қауіпті індеттің алдын алып, ауырмаудың тиімді жолы - екпе алу екенін ұмытпайық, - дейді №1 қалалық емхананың терапевт дәрігері Балнұр Пазилова. 


Айта кетейік, Шымкентте жалпы екпе алу науқаны басталғалы 394 484 адам вакцина салдырды. Оның 319 297-сі вакцинаның екі компонентін алған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы