Шымкентте екі жасөспірімнен есірткі салынған 70 пакет тәркіленді
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері есірткі таратумен айналысқан тұлғалардың жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тыйым салынған заттарды сатумен шұғылданған жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, жеке тексеру кезінде күдіктіден таратуға дайын, жабысқақ таспамен оралған 37 есірткі байламы табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар, полицейлер есірткі саудасына тартылған екі кәмелетке толмаған жасөспірімді де ұстады. Олардан 70 пакет психотроптық зат, ал уақытша тұратын жерінен тағы 4 пакет тыйым салынған зат анықталды.
Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын және ықтимал қатысушыларды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сақтағаны мен өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік Қазақстанда 16 жастан басталатынын еске салып, ата-аналарды балаларын бақылауға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы