Шымкентте екі жасар бала терезеден құлап кетті

Шымкентте екі жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Қалалық балалар ауруханасына жеткізілген ол ауыр халде жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін сағат 14:00 шамасында «Тұран» шағынауданында болған. Бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан құлаған бүлдіршін үлкендердің қарауынсыз қалғаны белгілі болды. Қазір ол ауруханада жатыр.

Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайды. Жыл басынан бері Шымкент қаласында балалардың терезеден құлау жағдайы 4-ші рет тіркеліп отыр. Барлық жағдайда балалар ата-аналарының қарауынсыз қалған, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы