Шымкентте Егемен Қазақстан, Ана тілі, Жас алаш көшелері пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде 325 көшеге атау берілді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Олардың қатарында маңызды басылым атаулары мен радио, әдеби шығармалар да бар. Мәселен Қаратау ауданы Бозарық саяжайындағы атауы жоқ көшелерге «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Жас алаш» газетінің атауы берілді.
Сонымен қатар, Қазақ радиосы, Абай жолы, Қалқаман – Мамыр, Ақбілек, Қамар сұлу секілді көше атаулары пайда болды.
Бұдан басқа қаланың тарихын айшықтайтын табиғи ерекшеліктері мен өлке өзгешеліктерін ескеріп, тау-тас, сай-сала, өзен-көл атаулары да берілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы