Шымкентте денсаулық сақтауды қаржыландыру 18,2%-ға артты
Соңғы бір жылда денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 18,2 пайызға артты. Қазір халыққа 170 медициналық ұйым қызмет көрсетіп отыр, оның ішінде 34-і мемлекеттік, 136-сы жекеменшік, деп хабарлайды BAQ.KZ OTYRAR-ға сілтеме жасап.
2025 жылы МӘМС желісі бойынша мыңнан астам жоғары технологиялық медициналық қызмет және шамамен 7 млн консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілген.
Халықтың сақтандырылу деңгейі 86,3 пайызды құрайды. Бұл – 1 107 251 адам. Оның ішінде 800 мыңнан астамы жеңілдігі бар санатқа жатады.
Медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында қаржылық бақылау күшейтіліп, көрсетілген қызметтерді цифрлық растау енгізілді. Сондай-ақ медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелерін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жүйесімен біріктіру жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада Конституциялық комиссияның ІХ отырысы өтіп жатыр
Өзгелердің жаңалығы