Кеше 2026, 22:25 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Шымкентте дәмхана өртенді

ТЖМ ресми хабарлама таратты.

Шымкенттің Әл-Фараби ауданында орналасқан дәмханалардың бірінде өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға ас үй бөлігінде басталып, кейін төбе жабындысы мен шатырға таралған. Оқиға кезінде ғимаратта келушілер болмаған, қызметкерлер өздігінен сыртқа шыққан. Құтқарушылар жеткен соң өрт ошағын оқшаулап, оны толық сөндірді.

Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан 2 оттегі және 1 газ баллонын шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды. Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда, – деп жазылған ресми хабарламада.