Кеше 2026, 23:55
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
Шымкентте "DamDastour" халықаралық гастрономиялық фестивалі басталды
Фестивальдің басты мақсаты – ұлттық және әлемдік тағамдарды насихаттау.
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында Наурыз мерекесіне орай ауқымды "DamDastour" халықаралық гастрономиялық фестивалі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Фестивальге атысушылар дәстүрлі қазақ тағамдары мен еуропалық, азиялық авторлық тағамдарды көріп, дәмін тата алады. Наурыздың басты тағамы – Наурыз көже ерекше назарда.
Фестивальге Қазақстаннан және шет елдерден 10 халықаралық аспаз қатысуда. Сондай-ақ 50-ге жуық жергілікті мейрамхана өз тағамдарын ұсынады.
Іс-шара ауқымды мәдени бағдарламаға да ие: би және музыкалық қойылымдар, батырлар шоуы, цирк нөмірлері, мотошеру және спорттық автомобильдер көрмесі өтеді. Алаң тақырыптық аймақтарға бөлінген: этно-аймақта аспаздық конкурстар, еуропалық аймақта шоу-бағдарламалар, Арбат ауданында қолөнершілер жәрмеңкесі.
Фестиваль қоғамдық бірлікті нығайтып, Наурыз рухын дәріптейтін ауқымды мәдени шара ретінде ерекшеленеді.