Шымкентте дәрі-дәрмек қоры қосымша толықтырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарға жеткізілетін дәрі-дәрмектер қоры қосымша толықтырылды. Бұл туралы әкімнің кеңесшісі Бекен Қоныс facebook-тегі парақшасында жариялады.

Мәселен, қазір дәрі дәрмектер қорында температураны төмендететін 107 800 қорап бар. Өткен тәулікпен салыстырғанда, бұл препараттар саны 60 мың қорапқа ұлғайтылған. Сондай-ақ қорда вирусқа қарсы препараттардың 150 000 қорабы, 1 600 000 антибиотик, 15 800 антикогулянт, 300 000 С витамині бар. Ал жеке қорғаныс құралдары 16 700 000 данаға толықтырылған.

Бүгінге дейін Шымкент қаласында 2020 жылдың 21 шілдесіне 4480 COVID-19 жағдай тіркелді. (2275 симптомдық, 2205 симптомсыз), өткен тәулікте 27 вирус жұқтырған.

Қайтыс болғандар саны - 31 (оның ішінде Түркістан облысынан-3, соңғы тәулікте-0).

Коронавирустан жазылып шыққан науқастар саны - 2770.Коронавирустың 4480 жағдай тіркелген болса, оның ішінде 22-сі сырттан келушілерден анықталған. 3145 – жергілікті тұрғын, 1313 азамат науқаспен байланыста болғандар. Жас санаты бойынша: 18 жасқа дейінгі балалар арасында – 611 жағдай, ересектер – 3869 жағдай тіркелген. Шымкентте 2020 жылдың 1 қаңтарынан 21 шілдесіне дейін 12034 пневмония жағдайы тіркелген болса, 9840 науқас емделіп шыққан. Қосымша 2 ауруханада оттегі стансасын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бір ай ішінде тағы 3 аурухана қосылады, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Шымкентте COVID-19 бірыңғай ақпараттық порталы іске қосылды.

Мұнда қала тұрғындары КВИ бойынша жедел статистикамен таныса алады. Сайтта COVID-19, пневмония және ЖРВИ-мен ауыратын науқастар саны, тәулік ішінде ауруханаға түсетін және емделіп шыққан науқастар саны туралы ақпарат жарияланады. Сондай-ақ порталда ауруханаларда және провизорлық орталықтардағы реанимациялық төсек-орындардың науқаспен қамтылу деңгейі туралы ақпарат беріледі.

Ақпараттық порталдың мазмұны күн сайын толықтырылады. Сайтта дәрігерлердің қатысуымен бейне-брифингтер өтіп, пайдалы кеңестер туралы толығымен ақпарат беріледі. Сондай-ақ сайтқа кіре отырып, медициналық мекемелер мен провизорлық орталықтардың мекен-жайлары мен телефондары туралы ақпаратты табуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы