Шымкентте COVID-19 инфекциясы 11 адамнан анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласында COVID-19 инфекциясы 11 адамнан анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Ауру жұқтырған азаматтар Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.  ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда, – делінген хабарламада.

Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

18.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 57 адам анықталды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы