Бүгiн 2026, 05:18 Фото: pexels

Шымкентте бұзақылар 22 аялдаманы бүлдірген

Тексеру нәтижесінде аялдамалардың атау жазулары, жарық шамдары мен ақпараттық таблолары зақымданғаны анықталған.

Шымкент қаласында қоғамдық мүлікке зиян келтіру деректері анықталды. Қала аумағында жүргізілген тексеріс барысында 22 аялдама павильонының бүлінгені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру нәтижесінде аялдамалардың атау жазулары, жарық шамдары мен ақпараттық таблолары зақымданғаны анықталған. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мұндай жағдайлар көбіне қоғамдық мүлікке ұқыпсыз қараудың салдарынан орын алатынын атап өтті.

Вандализм деректері Сайрам көшесі, Жібек жолы көшесі, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, Мұхаммед Хайдар Дулати көшесі, Гагарин көшесі және Темірлан тас жолы бойында тіркелген.

Қалалық жауапты мекемелер бүлінген аялдамаларды кезең-кезеңімен қалпына келтіретінін мәлімдеді. Сондай-ақ тұрғындарды қоғамдық мүлікке ұқыпты қарап, қалалық инфрақұрылымды сақтауға шақырды.