Бүгiн 2026, 08:11
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Шымкентте бопсалаумен айналысқан күдікті топтың әрекеті әшкереленді
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер 3 000 АҚШ долларын алу кезінде қолға түсті.
Шымкентте бопсалаумен айналысқан күдікті топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, күдіктілер жергілікті тұрғыннан «зиянды өтеу» сылтауымен ақша талап етіп, оған психологиялық қысым көрсеткен. Сонымен қатар, олар иесіне қайтарылған екі автокөлікті заңсыз иемденгені анықталды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер 3 000 АҚШ долларын алу кезінде қолға түсті.
Қазіргі уақытта төрт адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.