Шымкентте биыл заманауи талапқа сай жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға беріледі

Шымкент қаласында жеке инвесторлар жаңа жолаушылар терминалының құрылысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрылыс жұмыстарына 120-150 адам тартылуда.

Бүгінгі таңда терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелерін монтаждалып, желдеткіш жүйелері орнатылуда. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов құрылыспен танысып, жұмыс барысын пысықтады.

Қазір богаждық жүйенің құрылғылары мен лифтілер, эскалаторлар орнатылып, инженерлік желілер құрылып жатыр.

Жалпы жобаның орындалуы қазір 85% ға жетті.

Әкімдік тарапынан инвесторды қолдау мақсатында әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру, жаңа терминалға апаратын кірме жол салу және жолаушылар терминалына инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда аэропортта жолаушы өткізу қабілеті сағатына 200 адам болса, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін сағатына 2 мың адамға артады.

Жаңа терминалдың жалпы ауданы 35 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, жобада озық талаптарға сәйкес 4 галерея қарастырылған. Өндірістік кестеге сәйкес жаңа терминал биыл қолданысқа беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы