23 Қараша 2024 2024, 09:41
Фото: Шымкент денсаулық сақтау басқармасы
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Шымкент қалалық перинаталды орталықта жаңа туған сәбиге күрделі ота жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шымкент қалалық перинаталды орталықта жаңа туған сәбиге күрделі ота жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жергілікті otyrar.kz-тің мәліметінше, қалалық перзентханадан орталықтың реанимация және қарқынды терапия бөліміне, 3 600 гр салмақпен туылған ер бала жеткізілген.
Кеңірдек ақауымен туылған нәрестеге "өңештің туа біткен атрезиясы яғни кеңірдек — өңештік жыланкөз" диагнозы қойылған.
Жедел әрекет еткен орталықтың тәжірибелі дәрігерлер тобы сәбиге "Кеуде ішілік эзофаго-эзофагостомия" операциясын жасап шықты.
Баланың қазіргі жағдайы тұрақты. Ол дәрігерлердің жіті бақылауында.