Шымкентте бір аптада 20 мың түп ағаш отырғызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында көктемнің алғашқы сенбісінде жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылып, ағаш көшеттер отырғызылды, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Қала әкімінің бастамасымен қолған алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар белсене қатысты.

Бұл күні Абай ауданының аумағына 20 мың түп қарағаш пен жыңғыл ағашы отырғызылды. Көшеттер Ақжар тұрғын алабына дейінгі көшенің бойына, мұсылман мазаратының маңына және Бадам өзенінің жағалауы сынды жерлерге егілді.

Сонымен қатар, аудандағы 72 аулаға 3 мың түп раушан гүлі егілді. Бұл жұмыстарға көпқабатты тұрғын үй тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері қатысты.

Бұл күні қала әкімдігінің құрылымдық 10-нан астам басқарма қызметкерлері Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябағына тазалық жұмыстарын жүргізді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы