Шымкентте білім саласы толық цифрлық жүйеге көшті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте цифрландыру бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда. Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досан Әлібеков баспасөз брифингінде атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Досан Биназарұлының айтуынша, биыл білім саласы қызметі жаңа оқу жылына орай толық цифрлы жүйеге көшті. Балалардың онлайн режимде сабақ алуын қамтамасыз ету үшін қаладағы барлық білім беру ұйымдары жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілуде.Білім саласы – ең маңызды әлеуметтік саланың бірі. Биыл білім саласы толық автоматтандырылды. Балалаларды білім ұйымдарына қабылдау толық электронды форматта жүзеге асты. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау, отбасы және балаларға қатысты қызметтер, тағы басқа қызметтер толық автоматтандырылды.
Қала аумағын жоғары жылдамдықты және қуатты интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында бүгінде 11 базалық станса орнатылуда. Оларды орнататын 11 орын бойынша да қалада заңдастыру жұмыстары аяқталды. Шымкент қаласының аумағына кіретін барлық шалғайдағы елді мекендерді жоғары сападағы интернетпен қамту үшін қосымша 43 нүктеге талдау жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек, қазан айларында базалық стансалардың жұмысын іске қосу жұмыстары аяқталады, – деді Досан Биназарұлы.
Айта кетсек, бүгінде Шымкент қаласы сапалы интернет жүйесімен 80 пайыз қамтылған. Ал орнатылып жатқан базалық стансалардың жұмысы аяқталған сәтте бұл көрсеткіш 100 пайызға жетпек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкенттегі дендросаябаққа 81 түрлі ағаш отырғызылды
Келесі жаңалық
Жетісу облысында жер сілкінді
Өзгелердің жаңалығы