Шымкентте білім басқармасының қызметкері парамен ұсталды

Бұл жолы мектепке дейінгі мекемелерге жауапты, жетекші маманға «кәсіпкерлерден бір емес, бірнеше рет, пара алды» деген айып тағылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызметкер, кәсіпкерлерге жебеу-шілік жасаған көрінеді. 

«Жеке балабақша қожайындары, тексеріс жүргізе ме деп қорқып, оған ақша беріп отырған», -дейді мамандар. 

Ұсталған шенеунік кінәсін толық мойындады. Жыл, жаңа басталғанЫмен, бұл аталған мекемедегі парамен ұсталудың, екінші оқиғасы екенін естеріңізге сала кетейік. Бұдан біраз уақыт бұрын балабақшалармен жұмыс істеген, бас маман қолға түскен еді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, сериялық парақорлық әрекеттерінен соң, әкімдікке мектепке дейінгі мекемелерге тексеріс жүргізу туралы бұйрықтың күшін жоюды ұсынды. 

Ұсынысты қарау барысында тексеріс жүргізуге негіз болған бұйрықтың күші жойылды. Қазіргі уақытта 500-ден астам жеке кәсіпкерге қатысты қандайда бір тексеріс шаралары толықтай тоқтатылды. Сонымен қатар кәсіпкерден бірнеше рет пара алғаны үшін білім басқармасының тағы да бір лауазымды тұлғасы әшкереленді. Өзінің кінәсін толықтай мойындап, қылмыстық іс жалғасуда, - деді  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы