9 Тамыз 2024 2024, 12:47 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Шымкентте базар өртенді

Шымкент қаласының өрт сөндірушілері Тұран ауданында орналасқан базардағы өртті сөндірді

Шымкент қаласының өрт сөндірушілері Тұран ауданында орналасқан базардағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сағат 12:30-да өрт оқшауланды, зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге ТЖД, ПД, ЖМКБ, ЖАО жеке құрамынан 140-қа жуық адам, 50 бірлік техника жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" нөміріне қоңырау шалыңыз.