Шымкентте байқаушыларға арналған семинарлар өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы, бірлестік жанынан құрылған өңірлік байқаушылар штабының басшысы Серік  Әуесханов айтып берді.

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіретін 8 салалық кәсіподақтар бірлестіктерінің филиалдары мен 3 жергілікті кәсіподақтар бірлестіктері жұмыс жасайды. Олардың құрамында жалпы 545 бастауыш кәсіподақтар ұйымдары және 61,0 мыңға жуық кәсіподақ мүшелері бар.

Бұл кәсіподақтардың жұмыстарын үйлестіру Шымкент қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне жүктеліп, ол жүзеге асырылып келеді. 

2021 жылы 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және маслихаттардың депутаттарын сайлауға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының атынан 5762 тәуелсіз байқаушылар тіркеліп, олар дауыс беруді республика бойынша 3726 сайлау учаскелерінде бақылайтын болса, ал Шымкент қаласы бойынша 293 тәуелсіз байқаушылар тіркеліп, олар дауыс беруді қала бойынша 293 сайлау учаскелерінде сайлау процесінің барысын бақылайтын болады, - деді Әуесханов.

Осы 293 байқаушының 163-әйел және 130-ер кісі.

Олар 8 салалық кәсіподақтың құрамында: денсаулық сақтау саласынан 76 адам, білім саласынан 49 адам, кәсіпкерлік саласынан 30 адам, қоғамдық қызмет көрсету саласынан 34 адам, жол-автокөлік саласынан 29 адам, коммуналдық шаруашылық және энергетика саласынан 29 адам, мәдениет және спорт саласынан 24 адам, ауыл шаруашылығы саласынан 22 адам, - деді ол.  

Жалпы байқаушыларды оқытудан өткізу және сайлау учаскелерінде сайлау күні сайлау процестерінің барысына байқау жүргізудің тәртібін түсіндіру бойынша «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан құрылған өңірлік байқаушылар штабының ұйымдастыруымен 4 рет өңірлік штабтың отырысы өтті.

Оқыту сабақтары мен семинар-кеңестерде сайлау өткізу жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, байқаушылардың құқықтары мен міндеттері айқындалып, жалпы сайлау кезінде болуы мүмкін түрлі жағдайлар талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, бақылаушыларға арналған әдістемелік құралдар, жадынамалар, нұсқаулықтар таратылып, бейнероликтер көрсетілді.

Салалық кәсіподақ филиалдарының және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары штаб жұмысын өңірлік штаб мүшелерімен бірге үйлестіретін болады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы