Бүгiн 2026, 11:52
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Шымкентте балкон жөндеп жатқан жұмысшы 5-ші қабаттан құлап, қаза тапты
Балконның сыртын қаптап жатқан жұмысшы биіктіктен құлап мерт болды.
Шымкент мегаполисіндегі Еңбекші ауданында ер адам бесінші қабаттың биіктігінен құлап, қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қайғылы оқиға көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Бұл деректі қалалық Полиция департаменті растады.
Адам өліміне әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу аяқталғаннан кейін іс бойынша заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі.