Шымкентте баланың қолы ет тартқышқа қысылып қалған
Шымкентте құтқарушылар дәрігерлерге баланың қолын электр тартқыштан босатуға көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шымкентте құтқарушылар дәрігерлерге баланың қолын электр тартқыштан босатуға көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сайрам елді мекеніндегі №3 Шымкент қалалық ауруханасында ТЖ департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баланың қолын электр ет тартқыштан босату бойынша бірегей операция жүргізді.
Қалалық ауруханадан «112» құтқару қызметіне 3 жасар баланың қолын электр ет тартқыштың құбырына тартып алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Балаға көмек көрсету үшін дәрігерлер оның қолын шығарып ала алмады, құтқарушылардың көмегі қажет болды.
Ата-аналардың айтуынша, бала электр тартқышпен жұмыс істеген кезде оның жанында болған.
30 тамыз күні Сайрам тұрғын алабы №3 қалалық емханаға қолы ерт тартқышқа қысылып қалған 3 жасар бала түскен. Соны шығару үшін құтқарушылардың көмегіне жүгініп, дәрігерлер 112-ге хабарласқан. Оқиға орнына құтқарушылар барып, ет тартқышты екі жерінен кесіп, баланың қолын шығарды, - деді №4 құтқару бөлімшесінің бастығы Қанат Құрманбаев.
Осылайша құтқарушылар операцияны дәрігерлермен бірге жүргізді. Төтенше жағдай қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен ет тартқыштың корпусын мұқият кесіп, қолын босатты, бұл сәтте баланы наркоз арқылы ұйықтатып қойған.
Қазіргі уақытта бала №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасында реанимация бөлімінде.
ТЖД ата-аналарға балаларға бас-көз болуды сұрады.