Шымкентте Балалар жылына 84 іс-шара өтеді

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шымкентте Балалар жылына 84 түрлі іс-шара өткізу жоспарланып, бұған 44 млрд теңгеден астам қаржы қаралған. Мұны Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов «1 Маусым – Халықаралық баларды қорғау күніне» арналған салтанатты мерекелік іс-шарада айтты.

«Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясы аясындағы іс-шараға қаладағы мектеп оқушылары, бүлдіршіндер мен мұғалімдер қатысты. Әл-Фараби алаңының жанындағы қалалық орыс драма театры ғимаратының алаңқайына түрлі-түсті суреттер салынған. Балалардың сурет көрмесі болды. Содан кейін Драма театрдың сахнасындағы концерттік іс-шараға жалғасты. 

Концерт сахнасына республикалық пән олимпиадалары мен республикалық Ұлттық мектеп лигасы спорттық сайыстары және “Шымқаланың жас таланттары” өнер байқауының жеңімпаздары көтерілді. Арасында ел абыройын асқақтатып келе жатқан жас ғалымдар да бар екен. 

Әкім Мұрат Әйтенов салтанатты ісшарада сөз сөйледі. 

Өте қуанып отырмыз. Биылғы жеңімпаздарымыз, мақтаныштарымыз сахнаға сыймай жатыр. Болашақта Шымкент қаласының жас тұрғындары осындай биікке жете берсін! Құрметті балалар, ата-аналар, 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын. Балалар біздің бақытымыз, болашағымыз және үмітіміз. Сол себептен мемлекет алдына қойған ең басты мақсаты - балаларды қорғау, тәрбиелеу, білім беру. Осы жұмыста жыл сайын мемлекет әрқашан да осыған қатты көңіл бөліп отырады. 2020 жылдан бастап айта кетсек, 5 жылға жоспар құрып, Шымкент қаласында 101 мектеп салуды көздеп отырмыз. Бүгінгі күннің өзінде 50%-ын орындап отырмыз, екі жылдың ішінде. Алдымызда әлі 76 мектептің құрылысы бар. Нәтижесінде, 2023 жылы біз үш ауысымды мектептер құрылысын аяқтап, екі ауысымды мектепке жетеміз. Сол 2023 жылдан бастап бір ауысымды мектепке алдымызға мақсат қойып, білімнің сапасын арттыруға атсалысамыз. Оған қарамастан, әр жыл сайын мектептің материалды-техникалық базаларын нығайтып жатырмыз. Оған үлес қосып, өткен жылдың өзінде мына арнайы интерактив тақтамен қамтамасыз етуді 38 пайыздан 68 пайызға бір жылда жеткіздік. Биыл 600 дана алуға мүмкіндік пайда болды. Биыл аламыз, - деді Мұрат Әйтенов.

Оның сөзінше, қазір жүздеген балалар алаңшасы, спорт алаңшалары салынып жатыр екен. 

Қосымша мына 300-ге жуық екі жылдың ішінде балалар ойнайтын спорт алаңшалар салып жатырмыз. Айта кетсек, балалардың қауіпсіздігін қолға алып, әр мектеп пен балабақшаларға бейнебақылау, дабыл нүктелерін қойып, ең бастысы бақытымыз бен болашағымыздың жағдайын жасау - үлкен біздің үлесіміз деп санаймыз. Бұл - тек мемлекет емес, ата-аналар мен ұстаздардың үлесі. Президентіміз 2022 жылды - Балалар жылы деп бекітіп, осы жылға Шымкент қаласында 84 іс-шара бекітіп отыр. Ол жеті бағытқа қаралған. Бұған 44 млрд теңгеден аса қаржы қарап отырмыз. Соның ішінде бірінші бет қаламызда бастауыш сынып балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуді бастап кеттік. Енді әр мүмкіншілік болған сайын, мұны да ұлғайта бастаймыз. Биыл бірінші рет мектеп жанынан лагерь ашып отырмыз. Осының бәрі балаларымыз уақытын тиімді ұйымдастыруға және білімнің сапасын көтеруге үлкен үлесін береді деген үміттеміз, - дейді Әйтенов.

Әкімнің айтуынша, биыл мектептерде үйірмелер спорт секциялары ашылып отыр. 

Қалада үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Ары қарай жалғасады. Ең бастысы - ұрпақтарымыз, болашақтарымыз алдымызда өмірдегі бәсекелестікке дайын болуы. Ең бастысы - бәріңізді Халықаралық балаларды қорғау мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Ұрпақтарымыз алдымыздағы үлкен мемлекетіміздің мәңгілік азаматтары болып, елімізді мәңгілікке шығаратындай жолға жете берсін. Соған бәріміз тілектек болып, жүре берейік, - деп түйіндеді сөзін Мұрат Әйтенов. 

Салтанатты кеште қаладағы өнерлі бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, ҚР Халық әртісі Майра Мұхамедқызы ән шырқады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы