Оқиға орнына құтқарушылар шақырылды.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері арнайы құрал-жабдықтың көмегімен құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккен баланы құдықтан шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды, – деп жазылған ведомство хабарламасында.
Құтқарушылар азаматтарға балаларды қараусыз қалдырмау және олардың қауіпсіздігіне мұқият қарау қажеттігін тағы да ескертті. Сондай-ақ ашық құдықтар, люктер және басқа да қауіпті нысандарға ерекше назар аудару ұсынылды.