Шымкентте азық-түлік дүкенін өртеген ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент полицейлері қала тұрғынының азық-түлік дүкенін өртеп жіберген азаматты ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Оқиға 7 қыркүйек түнгі уақытта орын алған. Белгісіз адам жәбірленушінің дүкенін арнайы затпен өртеп жіберіп, қылмыс орнынан бой тасалаған.Өрт салдарынан дүкен иесіне екі миллион теңге материалдық шығын келтірілді. Осы факті бойынша әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 202-бабының 2-бөлігімен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Өткізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында іс бойынша күдікті анықталып, полицияға жеткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Отбасының дамуы арқылы еліміз де гүлденеді – Аймағамбетов
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы