Шымкентте қаза тапқан азамат коронавирус жұқтырған науқаспен жақын байланыста болған

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін тағы бір адам коронавирус дертінен қаза тапты. Бұл Шымкентте болған алғашқы жағдай. 

15 сәуірде COVID-19 індетінен Шымкентте бір адам қайтыс болды. 1954 жылғы науқас Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Мақтаарал ауданының тұрғыны. Азамат Жетісай қаласындағы орталық аудандық ауруханасында жатқан коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен жақын байланыста болған, - деді Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Айгүл Бекбауова.
Оның айтуынша, азаматтан аты жаман ауру 1 сәуірде анықталды. Ал, 4 сәуір күні жағдайының нашарлауына байланысты науқас санавиация арқылы Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар аураханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
Науқас ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Оның вирустық гепатит, бауыр церрозы, қант диабеті, созылмалы панкреатит сынды қосымша аурулары болды. Емдеу хаттамаларына сәйкес, науқасқа барлық ем-дом шаралары жүргізілді. Бірнеше рет республикалық мамандар кеңес өткізді. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, науқас бүгін сағат 15.00-де қайтыс болды, - деді Айгүл Бекбауова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы