Шымкентте әйелін өлтірген ер адам 9 жылға сотталды

Шымкентте неке түні әйелін өлтірді деп айыпталған ер адам 9 жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өткен жылдың маусым айында болған қылмыстық іс қаралды. 38 жастағы тұрғын Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігімен күдікті ретінде танылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілген болатын.

Сот шешімімен күдіктіге 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады.

Шымкент қаласының Д.Қонаев гүлзары бойындағы үйдің пәтерінде сотталушы жәбірленушінің жағы мен оң жақ иегі тұсынан жұдырығымен ұрып, қасақана ауыр дәрежедегі дене жарақатын салған. Салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеп соққан. Сотталушының қылмыс жасаудағы кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жинақталған дәлелдемелермен расталады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - делінген Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы