Шымкентте әйел жалған әлеуметтік төлемдер арқылы 217 миллион теңге жымқырған

Шымкентте 217 миллион теңге көлемінде әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу фактісі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тексеру барысында әйелдің жеке кәсіпкерлердің ЭЦҚ кілттерін пайдаланып, жүкті әйелдерді мекемелерге жалған түрде жұмысқа орналастырғаны анықталған. Кейін ол сол әйелдерге әлеуметтік төлемдерді заңсыз рәсімдеп, қаржыны өз қажетіне жаратқан.

Оның әрекеті нәтижесінде мемлекетке 217 миллион теңге көлемінде залал келтірілген.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (ірі көлемде алаяқтық жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу жұмыстарын Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шараларын жалғастыруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы