Шымкентте автобустардың 60 пайызы газ-метанмен қатынайды

Шымкентте автобустардың 90%-ы жаңартылған. Жалпы қалада жолаушыларға 10 автопарк қызмет көрсетеді, онда 1000-ға жуық автобус тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ал әлеуметтік мәні бар маршруттардың тізімімен 75 маршрут айқындалған. Сонымен қатар, 600-ден астам автобусқа жанар-жағар май ретінде экологиялық таза газ-метан пайдаланылады.

Қазіргі таңда қоғамдық көліктерді газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет көрсетуде, ал үшінші станциясының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы