Шымкентте арнайы операция кезінде 70-ке жуық заңсыз еңбек мигранты ұсталды
Шымкентте арнайы операция кезінде 70-ке жуық заңсыз еңбек мигранты ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ пен Абай АПБ-ның көші-қон қызметкерлері арнайы операция барысында қаладағы құрылыс алаңдарының бірінен Өзбекстаннан келген 70 адамды ұстады.
Шетел азаматтары полиция басқармасына жеткізіліп, жеке басын растайтын құжаттары мен Қазақстанда болу заңдылығы тексерілді.
50 тұлғаға қатысты үш бап бойынша: ӘҚБтК-нің 517-бабы 4,5 бөліктерімен және 518, 519 баптарымен хаттама толтырылды. Тағы 20 ер адам жеке басын растайын құжаттары болмауына байланысты қабылдап-тарату орталығына орналастырылды.
Айта кетейік, 20-23 қараша аралығында қала аумағында “Мигрант” ЖПІШ өткізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматылықтар интернеттің жұмыс істемей тұрғанына шағымданды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы