Шымкентте армиялық қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының спорт кешенінде армиялық қоян-қолтық ұрыстан ашық турнир аяқталды, деп хабарлады гарнизонның баспасөз қызметі.

Ол әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту және насихаттау, әскери спортшылардың кәсіби шеберлігін және судьялардың біліктілігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.

Жарысқа Шымкент, Сарыағаш және Арыс гарнизондары әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері бірінші жеңілістен кейін жарыстан шығу жүйесі бойынша төрт салмақ санатында бақ сынасты.

Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды механикаландырылған бригада басқармасы жеңіп алды, турнирдің «күмісі» мотоатқыштар батальонының командасына бұйырса, үшінші орынды штаб батальонының командасы алды.

Төрешілер алқасы спортшылардың жақсы дайындығын атап өтіп, «Үздік техника» номинациясында лейтенант Ерлан Ахбердиев пен ефрейтор Бари Дастан марапаттаса, «Жеңіске деген жігері» марапаты аға лейтенант Руслан Тұрартаевқа берілді.

Армиялық қоян - қолтық ұрыс әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік даярлығының маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Жақын жекпе-жекте атыс қаруын немесе қарудың басқа түрлерін қолдану мүмкіндігі болмаған кезде әскери қызметші әртүрлі жауынгерлік және спорттық тәсілдерді қолдана білуі керек. Дәл осы әдістер қоян-қолтық ұрыстың негізін құрайды. Барлық қатысушылар бір – біріне лайықты бәсекелестік көрсетті, - деп атап өтті механикаландырылған бригада командирі полковник Нұркен Қарағұлов.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақпан айында өтетін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының чемпионатына қатысады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы