Шымкентте әр 15 минут сайын бір нәресте дүниеге келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен жылы 5 мыңнан аса сәби жылдағыдан көп дүниеге келген.
Бір жылда мегаполисте 33 мыңнан астам бала туған. Сала мамандары нәрестелердің көбеюіне пандемия да әсер еткенін айтады.
Пандемия кезінен бері ай сайын босануға келетін аналар саны көбейіп отыр. Бір күнде біздің перзентханада 50-60-қа жуық бала өмірге келеді. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты, – дейді медицина қызметкері Гүлмира Қоңырбаева.
Қазір Шымкентте 4 перинаталдық орталық бар. Алайда нәрестелердің көбеюіне байланысты бұл орталықтарда орын тапшылығы байқалуда. Сондықтан жаңа босанған аналар үйлеріне ерте шығарылады. Бірақ қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселенің шешімі емес дейді. Себебі мегаполиске тағы бір перинаталды орталық салу қажеттілігі туындап отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Апта басындағы валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы