Шымкентте анасын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды

Тәртіп сақшылары заң бұзушыға қатысты хаттама толтырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тұран ауданының учаскелік инспекторлары ішімдік сатқанды да, ішкенді де жауапсыз қалдырмады. Ұлының араққа сылқия тойып, үйдің берекесін алғанына шыдамаған қарт кісі полицияға өзі хабарласқан. 

Тәртіп сақшылары заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша хаттама толтырды. Оның мінез-құлқына ерекше талап қойылды. 

Сондай-ақ түнгі сағат 21:00-ден кейін ішімдік сатқан дүкен иесі де жауапқа тартылды. Ер азамат ІІО-ның есебіне қойылды. Алдағы уақытта наркологиялық диспансерде ем қабылдайтын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы