Шымкентте алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті.

Агенттік ақпаратына сәйкес, Түркістан облысында қолдан жасалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, контрафактілі алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын екі цех анықталды.

Жасанды алкоголь өнімдерінің басым бөлігі антисанитарлық жағдайда әзірленген. Бұл тұрғындардың өмірі мен денсаулығына аса қауіпті. Танымал брендтердің алкоголь өнімдері табылып, тәркіленді. 3 мыңнан астам бөтелке, 3,5 мыңнан астам есепке алу-бақылау маркалары, 1 тоннадан астам спирт, арақтың танымал маркаларының этикеткасы, қаптама материалдары алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті агенттік өкілдері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы