Шымкентте әлеуметтік көмек алушылар саны азайған
Әлеуметтік салада басты мақсаттардың бірі – халықты тұрақты жұмыспен қамту арқылы әл-ауқатын арттыру. Бұл жайында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Қала әкімінің мәлімдеуінше, соңғы жылдары жұмыспен қамту шараларын күшейту арқылы әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға азайып, биыл 10 794 отбасы жүгінген.
Мемлекет басшысы өңірлерде 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орындарын құруды тапсырды. Халықты жұмыспен қамту шараларына биыл 57 мың адам жоспарланып, оның 42 мыңын тұрақты жұмыспен қамтуымыз қажет. Жыл басынан 14 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды, - деді Әйтенов орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте 337 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр - Әйтенов
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы