Шымкентте «Әлем жауынгері» байқауына үздік әскери қызметшілер таңдалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық армия ойындары шеңберінде өтетін «Әлем жауынгері» әскери-кәсіби шеберлік конкурсына қатысу үшін Шымкент гарнизонында келісімшарт бойынша үздік әскери қызметшілерді таңдады.
Іріктеу әскери қызметшілердің дене даярлығы деңгейі, жауынгерлік даярлық пәндері бойынша білімі, белгіленген нормативтерді уақытқа орындау қабілеті, соның ішінде, кедергілер жолағынан өту, РХБҚ нормативтерін орындау, атыс даярлығы бойынша бағалау кешендерінен тұрды. Сонымен қатар, әскери қызметшілер әскери тарих туралы білімдерін, шығармашылық қабілеттері мен таланттарын көрсетті.
Ең үздік кешенді сынақтарды сержант Ғайбутдин Әбдірахманов, кіші сержант Әйгерім Қалиева, Нұралы Құлбеков пен Марс Каюмов ефрейторлары өтті.
Енді олар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен Қарулы Күштері ауқымында іріктеуден өтуі тиіс.
Жыл сайын іріктеу жарыстарының нәтижелері жақсарып, ал ниет білдірушілер саны артып келеді. Әскери қызметшілердің кәсіби шеберлік деңгейінің өсуі бізді өте қуантады. Әлем жауынгері тек мықты жауынгердің ғана емес, сонымен қатар ойшылдың, белгілі бір дәрежеде суретшінің де қасиеттерін біріктіре алатын адам ғана атала алады, – деп бірінші сыныпты сержант Рауан Әлімбетов атап өтті.
Айта кетсек, байқау Халықаралық армия ойындарының бағдарламасына кіреді. Әскери қызметшілер тек кәсіби дағдыларын ғана емес, сондай-ақ интеллект деңгейін, креативтілігін көрсететін әсерлі жарыс және әскери мамандықты танымал етуге ықпал етеді.
Байқау ережесіне сәйкес, «әлем жауынгері» жарысының кезеңдері әскери-атлетикалық дайындықты, мергендікке атуды, әдеби-көркемдік және би дағдыларын көрсетуді, сондай-ақ тарихты білуді қамтиды.