Шымкентте «Бас қалам – Нұр-Сұлтан» акциясы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттіктер ел астанасын Нұр-Сұлтан қаласы деп атауға осылайша қолдау көрсетті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Үшінші мегаполистегі Арбат демалыс аймағында «Бас қаламыз - Нұр-Сұлтан» акциясы өтуде. Бес мыңнан астам тұрғын жиналған мерекелік іс-шара барысында шымкенттік зиялы қауым өкілдері ел астанасы атауының өзгеруіне байланысты оң пікірлерін айтып, қолдау білдірді. Олар егемен еліміздің қалыптасып, өсіп-өркендеуіне ерен еңбек сіңірген Тұңғыш Президентіміз бұл құрметке әбден лайық деп біледі.
Мерекелік акция аясында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Онда Ернар Айдар, «Өркен» отбасылық квинтеті, Еркін Нұржанов пен Асыл Жандаулетовтер өнер көрсетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы