Шымкентте әкімдік өртенді
2025 жылғы 14 тамызда сағат 03:19-да "112" қызметіне Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында, Тәуке хан даңғылы 3 мекенжайында орналасқан әкімдік ғимаратында өрт шыққаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ТЖД мәліметінше, өрттің аумағы 1 200 шаршы метрді құраған. Ғимараттың шатыры өртенген.
Өрт 04:58-де ауыздықталып, 05:27-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт сөндіруге Шымкент қалалық ТЖД-ның 21 техникасы мен 88 қызметкері, ТЖМ-нің Апат медицинасы орталығының 1 техникасы және 3 маманы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 2 техникасы мен 2 қызметкері жұмылдырылды, - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Бекзат Қамбаров жұмыс істеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент Пәкістанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Өзгелердің жаңалығы