Бүгiн 2026, 09:49 Фото: otyrar.kz

Шымкентте ағаш бұтағы құлап, бала қаза тапты: Әкімдік комиссия құрды

11 ақпанда Шымкент қаласының Еңбекші ауданында көпқабатты тұрғын үй ауласында ағаштың сынған бұтағы құлап, 2016 жылы туған бала көз жұмды. Қала әкімдігі арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шымкентте ауа райының қолайсыздығынан ағаш құлап қайтыс болған баланың туған-туыстарына және жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Қайғылы жағдайға қатысты қала әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Отбасына барлық қажетті қолдау көрсетіледі, - делінген хабарламада.

Әкімдік қала тұрғындарын ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Айта кетейік, оқиға Елшібек батыр көшесіндегі №114 үйдің ауласында шамамен сағат 16:30-17:00 аралығында болған. Қалың қардың салдарынан ағаштың бір бөлігі сынып, сол сәтте аулада жүрген балаға құлаған. 

Баланың денесін алғаш болып аумақты тазалап жүрген жұмысшылар байқап, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келген кезде бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмғаны анықталған.