Шымкентте 8 жасар бала бір түн адасып жүрген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте 8 жастағы бала бір түн адасып жүрген,  деп хабарлайды Polisia.kz. 

18 сәуірде Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына ұлының жоғалғаны туралы айтып, жергілікті тұрғын хабарласты. Әйелдің айтуынша, сағат 14:00-де сегіз жастағы баласы үйдің ауласында ойнап жүріп, біраз уақыттан кейін жоғалып кеткен. 

Отбасы баланы өздері іздеп таппағаннан кейін, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген. Баланың жүрген жерін анықтау мақсатында Полиция басқармасының барлық жеке құрамына бағдар жіберілді. Полицейлер жақын маңдағы аумақтарды аралап, көршілерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. 

Іздестіру шараларының нәтижесінде, учаскелік инспекторлар жоғалған баланы 19 сәуір күні сағат 07:00-де жергілікті сантехника базарының аумағынан аман-есен тапты. Бала үйінен алыстап кетіп, адасып қалғаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ІІО-ның есебіне алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы