Шымкентте 8 айда 100 миллионнан астам жұмыртқа өндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында 8 айда 22,9 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 процентке өскен.
Бұл өсімге мал шаруашылығы саласындағы өнім көлемін арттыру арқылы қол жеткізілді.
Атап айтқанда, 8 ай ішінде 100,4 миллион дана жұмыртқа алынды. Оның ішінде 23 миллион данасын «Тассай құс» және «Шымкент құс» ЖШС-тері өндірген. Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарының айтуынша, бұл дерек жұмыртқа өндіру 29,8 процентке көбейгенін көрсетеді, - делінген хабарламада.Ал, ет өндірісі 1,1 процентке артып, 10,6 мың тоннаны құрап отыр. Бір ғана «Шымкент құс» ЖШС-інің өзінде бройлер тауық пен малдың 118,2 тонна еті өндірілген.
Сондай-ақ, есепті кезеңде 35,2 мың тонна сүт сауылып, өнім көлемі 3,3 прцентке артқан. Оның ішінде «Бәйтерек Агро», «Зертас», «Тұран агро продукт» ЖШС-тері сүт өндірісін 1,1 мың тоннаға арттырған.
Айта кетейік, қалада 81,5 мың — ірі қара, 106,8 мың – қой мен ешкі, 4,1 мың — шошқа, 14,5 мың – жылқы, 29 бас түйе және 100,1 мың құс бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астана аспанында истребительдер ұшады
Өзгелердің жаңалығы