Шымкентте 77 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылыс саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жалғастыруда. Кәсіпкерлерге аукционсыз берілген 77 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында жазды.
Шымкент қаласында тығыз құрылыс салуға жол бермеу мақсатында жеке меншікке заңсыз берілген жер учаскелерін мемлекет пайдасына қайтару бойынша мақсатты іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда сот шешімімен аукционсыз кәсіпкерлерге берілген жалпы ауданы 77 гектар, құны 3 млрд теңгеге жуық 46 жер учаскесі мемлекеттің балансына қайтарылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қай өңір жем-шөп жинаудан көш бастап тұр?
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы