Шымкентте жоғалған 6 жасар қыз ата-анасына қайтарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жан-жақты іздестіру жұмыстарына көшкен ұландықтар жоғалған баланы тапты, деп хабарлады «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша кезекшілік кезінде Шымкент қаласының тұрғыны әскери жасақтан көмек сұраған. Оларға 6 жасар қызы Аяулымның жоғалып кеткендігі туралы айтады.

Патрульдік топтың бастығы, кіші сержант Рамазан Қалдан патрульдік қатардағы сарбаз Серік Әділовпен бірге анасынан бағдар алып, ақпаратты жақын жердегі патрульдерге жіберіп, баланы дереу іздей бастайды.

Іздеу барысында жақын маңдағы барлық аула, алаң мен жертөле қаралды. 30 минуттан кейін «Север» шағын ауданындағы, қиылыста тұрған жылаған қыз көрінген. Әскери жасақ қыздың анасын іздеуге шыққанын және өте алысқа кетіп, үйіне орала алмайтынын анықтайды.

Бүгін түстен кейін маған шұғыл жұмысқа бару керек болды. Қызымды үйде қалдырып, жұмысқа тез-тез барып келемін деп ойладым. Бірақ үйге келгенде ол қызын таппады. Мен мүлдем үмітсіз болып, не істерімді білмедім, - дейді анасы Айжан Молдаева көзіне жас алып.

Баланың анасы Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің қолбасшылығына алғыс хат жолдап, баланы табуға көмектесумен қатар әскери қызметке үлкен ризашылығын білдірді.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі көрсеткен қырағылығы үшін жауынгерлік қызметті атқару кезіндегі шебер қимылдар үшін әскери жасақ бөлім командирінің марапатына ие болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы