Шымкентте 54,7 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Сот жер учаскесінің жеке меншікке берілуін заңсыз деп танып, оны мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған жер учаскесін мұнай өңдеу зауытын реконструкциялау мақсатында мемлекеттік мұқтаждық үшін алып қою жоспарланған болатын. Алайда, Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару департаментінің жоспардан тыс тексерісі барысында бұл учаскенің Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабы өрескел бұзылып, жеке меншікке берілгені анықталды. Аталған бапқа сәйкес, мемлекеттік жер учаскелері міндетті түрде конкурс немесе аукцион арқылы берілуі тиіс. Бұл жағдайда жер заң талаптары сақталмай берілген, - делінген хабарламада.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты департаменттің талап-арызын қанағаттандырып, шешім заңды күшіне енді.

Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында заңдылық қалпына келтіріліп қана қоймай, 164,2 млн теңге көлеміндегі негізсіз бюджет шығынының алдын алу мүмкін болды. Бұл жағдай жер учаскелерін беру процесінде бақылауды күшейтудің маңыздылығын көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жер ресурстарын басқару комитеті
Өзгелердің жаңалығы