Шымкентте 5 жасар бала бассейнге батып кетті

Шымкентте 2018 жылы туған бала бассейнге батып кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

Жедел медициналық қызметтен 29 қаңтарда сағат 17.25-те Шымкент қаласы ТЖД дағдарыстық жағдайларды басқаруға 2018 жылы туған баланың балалар бассейнінде суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.Трагедия аймаққа белгілі фитнес  клубында болған, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Тереңдігі 1,2 метр болатын балалар бассейнінде шомылу кезінде бала ересектердің қарауынсыз қалып, суға батып кеткені анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы