Шымкентте 48 мыңнан астам контрафактілік өнім жойылды
Әділет органдары сот шешімін орындау мақсатында Шымкент қалалық Әділет департаменті тәркіленген 48 мыңнан астам контрафактілік өнімді жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шымкентте жалған өнімді тәттілер көтерме сауда арқылы сатылып, Nestle S.A. компаниясы өкілдерінің сұрауымен тексеру жасалған болатын.
Жоғарыда аталған контрафактілік өнімдер қолданыстағы табиғатты қорғау заңнамасының барлық нормаларын сақтай отырып, тапсырыс бойынша жойылды.
Әділет министрлігі контрафактілік өнімдердің құрамында токсиндер, аллергендер, канцерогендер, пестицидтер, ауыр металдар, гормондар, антибиотиктер және т.б. сияқты зиянды немесе тыйым салынған заттар жиі болатынын еске салады.
Аталған сипаттамалар, сапа мен қауіпсіздікке сәйкес келмейтін өнімдерді тұтыну немесе пайдалану, улануға, аллергиялық реакцияларға, ағзаның бұзылуына, аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін екендігін ескертеміз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Су тасқыны. Ақтөбе облысында тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы