Кеше 2026, 14:09 Фото: Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Шымкентте 35 күн комада жатқан науқас есін жиды

Науқас апат кезінде қатты жарақаттанып, өміріне қауіп төнген.

Шымкентте мотоциклмен жол апатына түскен 31 жастағы науқас бір айдан кейін есін жиды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жарақаттары аса ауыр болып, өміріне қауіп төнген.

Науқасқа бірнеше рет күрделі операциялар жасалды. Дәрігерлер 35 күн бойы оның өмірі үшін үздіксіз күресті. Өмір мен өлімнің арасында жатқан науқас көзін ашып, есін жиды. Қазіргі таңда өздігінен тамақтана бастады, - деп хабарлады Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы.

Науқасқа ауыр қосарланған жарақат, жабық бас-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі ашық бас-ми жарақаты, бас миының ауыр дәрежедегі соғылуы диагнозы қойылған.

Басқарманың мәліметінше, науқаста кеуде қуысының жабық жарақаты, сол жақ I, II, III қабырғалардың ортаңғы бұғана сызығы бойымен ығысусыз сызықты сынуы, сол жақ бұғана сүйегінің денесінің жабық көпжақты сынуы (сынықтардың ығысуымен), өкпенің соғылуы және бас миының ісінуі анықталған.

Дәрігерлер науқастың бас сүйегіне трепанация жасап, сол жақ төбе аймағындағы жедел эпидуралды гематоманы алып тастады.