Шымкентте 330 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр

Мұны Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев айтты, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Шымкентте Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау 330 учаскеде өтіп жатыр. Қалада барлығы 639 663 сайлаушы бар. 

Қазір Шымкентте Exit-poll қызметі де сайлаушылардан сауалнама алуға кіріскен. Солардың бірі –  Еуразиялық интеграция институтының өкілі Айгүл Мақсатқызы. Ол №44 балабақша ғимаратында орналасқан №157 сайлау учаскесінде сауалнама алып жүр. 

Сайлау учаскесінің сыртында тұрамыз. Ішке кірмейміз. Дауыс беріп шыққан сайлаушылардан “Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда қай партияға, қай кандидатқа дауыс бердіңіз?” деп сұраймын. Сайлаушылардың келуі жақсы, сайлау көңілді, керемет өтіп жатыр, – дейді Еуразиялық интеграция институтының өкілі Айгүл Мақсатқызы.

Айта өтелік, Шымкенттегі сайлау учаскелерінде де дауыс беру таңғы сағат 7-де басталды. Орталық сайлау комиссиясының таратқан мәліметінше, сағат 12.10-дағы жағдай бойынша Шымкентте сайлаушылардың 19,63%-ы учаскеге келіп, бюллетень алған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы