Шымкентте 30 шақырымға жуық жылу құбыры ауыстырылды

Биыл Шымкентте 30 шақырымға жуық жылу құбыры ауыстырылды. Нәтижесінде ішкі орамдық және магистралдық желілердің тозу көрсеткіші 37%- дан 35-ке дейін төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы қаланы жылумен қамтып отырған кәсіпорынның бас инженері мәлімдеді. Бас инженердің мәліметінше, жаңғырту жұмыстарына республикалық және қала бюджетінен барлығы 4 миллиард теңге бөлінген. Жалпы жылу маусымы алдында 800 шақырымнан асатын жүйелер гидравликалық қысымдаудан өткізіліп, 137 жерде анықталған ақау жөнделген. Қазір мамандар құбырларды суға толтырумен айналысып жатыр. Сонымен қатар тұтынушылардың қордаланған қарызын өндіруге кірісті. Бюджеттік мекемені қоса есептегенде борышкерлердің 641 миллион теңгеден асатын қарызы бар.

Жылу жүйелері бойынша 2107 үй бар. Қаладағы көпқабатты үйлер. Қазір соның 2090 үйдің АКТ-сін алды. Бізде 211 бюджеттік құрылым бар. Оның 193 толық жылуға дайындық актілерін алды, - дейді қалаға жылу жеткізуші кәсіпорынның бас инженері Еділ Бүркітбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы