Шымкентте 3 жылда 800 шақырым жол жөнделді
Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырым, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның ішінде асфальтбетон жабынды – 2189,5 шақырымнан тұрады, қазіргі уақытта шағал тас – 935,6 шақырымды, топырақ жол 122,5 шақырымды құрайды. Бүгінде қаладағы асфальт жолдың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 67,4% пайызға тең.
Қаламызда жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жыл сайын басымдылық берілуде.
Мәселен, 2020 жылы жол құрылысы саласынада 225 нысан немесе 283,8 шақырым жол жөндеуден өтті.
2021 жылы 137 нысан немесе 189,7 шақырым жолға құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы автомобиль жолдары саласында 158 нысанда немесе 287,8 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тапсырылды.
Ал жыл соңына дейін жоспарға сәйкес 280 нысан 304 шақырым жол құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Осылайша биылғы жылдың соңына дейін қала жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2% пайызға жеткізу көзделген.